Перейти к содержимому






Фотография - - - - -

Қазақша фэнтези

Разместил e_zhalgas, в Таным 15 Февраль 2012 · 107 Просмотров

Фэнтези деген не?

Бұл әдеби жанр, бірақ соңғы уақытта тек әдеби болудан қалып, өнердің барлық саласына бейімделе, өнердің барлық саласында жасала бастады. Бұл жанрдың тамыры, әрине, ғылыми-фантастикаға барып тірелгенімен, оның бастауы мен жасалу формасы тіптен басқаша.

Бұл жанрдың негізін қалаушы ретінде Толкиенді айтады. Ол екінші дүниежүзілік соғыс әлемді шарпып, Еуропа дүрлігіп жатқанда, еуропалық аңыздар мен мифтердің басын біріктіріп, өзінің алғашқы фэнтезилік әлемдегі еңбектерін жазып шығады. Осыдан барып, фэнтези кең етек жая бастайды.

Фэнтезидің мәні

Мифтен әдебиет жасау үшін, сол мифтің халықтық формасы болуы керек. Ал қазақтың халықтық ауыз әдебиеті бұндай мұрадан кенде деп айта алмаймын. Барлық халықтардан кем түспейтін бай халықтың мифология жинақталған. Ендеше заңды сұрақ осы мұраны неге қазақ жазушылар қолданбайды, өздерінің образдарында, сюжеттерінде?

Изображение

Мен клавиатураммен жалғыз отырып, әр тақырыпқа бір оттай береді деп ойлайтындар да табылатын шығар. Бірақ, фэнтези жанры — қазіргі әдебиеттегі ең танымал, ең оқылатын, әрі ең коммерциялық пайдалы сала. Осы саланың қазақ әдебиетінде әлі де болса орын алмағанына таң қаламын.

Айтылатын себептер:

Қазақ мифологиясы әлі толық зерттелмеген және оны әдебиетке бейімдеу мүмкін емес, әрі керек емес.
Фэнтезиді жазып болған соң оқитын оқырмандар табыла қоятынына күмәнмен қарайды.
Қазақ әдебиетін ондай опасыз жанрдың көркем түрімен қорлағысы келмейді.
Киелі миф пен аңыз бен әдеби шығармаларды шатастыруға болмайды.
Ондай шығармалармен таныс емес, тіпті танысқысы да келмейді.
Менің түсіндірмелерім:

1. Қазақ мифологиясындағы түсініктердің арнайы сөздігі бар. Авторы — Серікбол Қондыбай. Осы кітапты оқысам Борхестің «Книга вымышленных существ» еңбегі есіме түседі.

2. Оқырмандар табылады. Соның біріншісі өзім болатын едім. Әлемде фэнтезиді оқитын адамдарды ескеретін болсақ, бұл себептер түкке тұрғысыз болып саналады.

3. Опасыз жанр туралы айтарым, әдебиеттің түр-түрі болады. Фэнтезидің де өз аудиториясы бар. Және мынау опалы, ал мынау опасыз деп бөлу тіптен логикаға сыймайды. Ал бізде көбісі сөйтіп жататыны да содан шығар. Детектив те опасыз жанр ма, сонда?

4. Киелі миф және әдеби шығарма туралы айтарым бір сөз — Борхес, тіпті Толкиен. Осы жазушылар аңыздан әдебиет жасап, оның халық арасында қайта орнығуына атсалысқандар.

5. Біздің жазушылардың басты айыбы осы шығар. Олар ешнәрсемен таныс емес, және ең сорақысы танысқысы да келмейді.

Өз ойым

Неігіз, айтылғандан өз ойыммен пікір талас. Бұл тек жеке пікірім. Көптен айтқым келіп жүрген. Сосын, мен фэнтези жанрында кітаптың да оқырманы емеспін. Ондай жанрды киномотографияда өте жақын тартқаныммен, әдебиетте сәл алысырақ. Бірнеше ғана шығармалармен таныспын.

Бірақ, Серікбол Қондыбайдың аталған еңбегімен танысып шыққан соң, өзімнің сүйікті жазушалырамның бірі Борхестің ерен еңбегі есіме түсіп, қазақша мифтің осындай әліппесі бола тұрып, неге қазақша фэнтези жазылмайды деп ойлай бастадым.

Бірақ, барлығын да уақыт еншісіне тастайық. Мүмкін, дәл осы пост жазылып жатқанда біреу қазақша фэнтезидің сюжетін ойлап тауып жатқан шығар. Кім білсін… :)