Перейти к содержимому


e_zhalgas

Регистрация: 22.08.2011
Вне сети Активность: Вчера, 23:27
-----

Мои темы

Ең көп таралған фамилия

10.05.2012, 15:53

ең көп таралған 10 фамилия:

1. Ли — әлем бойынша 100 млн-нан көп
2. Чжан — әлем бойынша 100 млн-нан көп
3. Ван (Wang) — әлем бойынша 93 млн-нан көп
4. Нгуен (Nguyen) — әлем бойынша 36 млн-нан көп
5. Гарсия — әлем бойынша 10 млн-нан көп
6. Гонсалес — әлем бойынша 10 млн-нан көп
7. Эрнандес — әлем бойынша 8 млн-нан көп
8. Смит — әлем бойынша 4 млн-нан көп
9. Смирнов — әлем бойынша 2,5 млн-нан көп
10. Мюллер — әлем бойынша 1 млн-нан көп

пы.сы. ал, ең көп таралған қазақша фамилия қандай екен - Ахметов? :)

Ахан Сатаевтың "Жаужүрек мың бала" фильмі

27.04.2012, 11:20

Фильм қазақ халқы жоңғар шапқыншылығына қарсы ерлікпен күрескен XVIII ғасырдың бірінші жартысын қамтиды. Сол кезде қазақ жасақтары бірігіп, басқыншыларға тойтарыс беріп, майданда шешуші жеңістерге жеткен еді.

Кино желісі бойынша, осы соғыста ел үшін күрескен жауынгер ер-азаматтар қатарында, жаужүрек Сартай батыр да өзіндей өрімдей жас, жеткіншек сарбаздарды ту көтеріп, жорыққа бастап шығады. Мың бала атанған Сартай жасағы қарасы әлдеқайда көп жауға азғана қол қарсы шауып, арасалмақты қазақ әскері пайдасына өзгертеді.

Трейлер:



Өндіруші: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы, «Компания Новый Киноформат»
Елі, жылы: Қазақстан, 2012
Режиссері: Ақан Сатаев
Сценарий авторлары: Жайық Сыздықов, Мұхамед Мамырбаев, Тимур Жақсылықов
Қоюшы-оператор: Хасан Қыдыралиев
Продюсерлер: Әлия Увальжанова, Анна Качко
Рөлдерде: Асылхан Төлепов, Әлия Телебарысова, Берік Айтжанов, Тілектес Мейрамов, Болат Әбділманов, Аян Өтепбергенов, Құралай Анарбекова, Дәурен Серғазин.
Қазақстандағы премьерасы: 3 мамыр, 2012

«Жаужүрек мың бала» әлемдік прокатқа шығады


Изображение


"Жаужүрек мың бала" туындысы әлемдік прокатқа шығады. «Қазақфильм» киностудиясы әлемдік дистрибьюторлармен келіссөздер жүргізуде.


Айта кетелік, Ақан Сатаевтың фильмі отандық прокатқа 3-мамырдан бастап шығады. Бұл Қазақстанның кино тарихындағы ең ауқымды жобалардың бірі болып есептеледі. Фильмнің өндірістік бюджеті 12 миллион долларды құрап отыр.

«Жаужүрек мың бала» фильмі 2012 жылы қазақстандық кино саласына сенсация әкеледі


Изображение



«Жаужүрек мың бала» продюсерлерінің бірі Әлия Увальжанованың айтуынша, фильмге шетелдік дистрибьютерлер мен сауда агенттері үлкен қызығушылық танытып отыр. 17 мамыр күні Канн фестивалі аясындағы кинонарықта көпке таныстырылатын жаңа қазақстандық туынды алғашқы драфт нұсқаларымен-ақ 20th Century Fox, Universal Pictures секілді халықаралық ірі дистрибьютерлердің көзіне түсіпті.
«Біздің фильм әлемде шетелдік актерлар ойнайтын, шет тіліндегі, өзіндік ұлттық ерекшелігі бар, бірақ, кез келген мемлекет азаматына түсінікті туынды болып қабылданады. Киностудия мен қаржылай қолдау көрсеткен мемлекеттің үмітін ақтағымыз келеді», — деді продюсер.

Ал, ой бөлісе отырыңдар!

Қазақша креатив. Бар екенін, болатынын дәлелдеу

12.03.2012, 12:36

Эстафета тақырыбын көріп, шабытты ауыздықтадым шамасы. Осы тұста қазақша креатив, қазақ тіліндегі жарнамаларға арналған әркелкі тіркестер, адам ойламайтын сөз тіркестерінің ұйқастарын бастап көрейік.

Қазақ тілінің жарнамадағы сорлы күйін көріп, көбіне күлесің, ал кейде кеңкілдеп жылап та аласың. Бірақ, осы дегбірсіз көңілді сызып тастап, сол отырған жарнамашыларды жұмыстарынан айырып, жер айдап жіберуге де дайын болатын кездерім болады.

Ендеше, менен алғашқы креатив. Тауар белгісі мен тауар атауын ойдан құрастырсақ та, бар тауарды пайдалансақ та болатын сияқты:

Бірінші - Құдай, сосын - Біз
"Құдай сақтасын" сақтандыру компаниясы

Сондай-ақ, қазіргі теледидарда айналдырып жатқан мына жарнама көңілімнен шықты:

Простамол. Еркек болған соң, бол!

Фамилияңыздан керексіз жұрнақты алып тастау туралы

21.02.2012, 13:02

Негізі, бұл аса өзекті мәселе емес. Бірақ, әркімнің өз ойы бар. Сонымен, сіз фамилиядағы осы тектес қосымшалардың болғанына қарсысыз ба, әлде басқаша ойлайсыз ба? Болмаса, өз балаларыңыздың фамилиясын солай жасадыңыз ба?

Сол туралы пікір алмасып, ой бөліссек :clapping:

Қазнеттегі авторлық құқық

14.02.2012, 10:38

Бұл негізі қиын тақырып. Бірақ, кез-келген интернет қолданушыға жанама не тікелей түрде қатысы бар болғандықтан, бөлек тақырып етіп талқылауға шығару керек сияқты. Мына заңның мәтінімен танысып көріңіңздер. Ал осы айдың алғашқы күндерінен бастап, күшіне енген жаңа өзгерістер көптеген интернет юзерлер тарапынан дау-дамай да, айқай-шу да туғызып жатыр. Айтпақшы, мына онлайн-конференцияда осы тақырып бойынша, өзіңізге қызықты сұрақтар қойып, алғашқы ауыздан қажетті ақпарат ала аласыз.

Ал бұл тақырыпта сіз авторлық құқық пен сабақтас құқықтар туралы заңға енгізілген өзгерістерге, нақтыра айтсақ, интернет ресурстарға пираттық контент жариялағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жазалау шарасын қолдануға көзқарасыңыз қалай? Сіз интернетте пираттық (онлайн көру, торренттерден жүктеп алу және т.б.) контенттің тұтынасыз ба? Жалпы, бұл туралы не ойлайсыз? Осыны талқылап көрейік.